скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы

Ағымдағы жылдың 15 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының  кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында берілген ұсыныстардың орындалуы, «Б» корпусының басқарушы әкімшілік лауазымына тағайындалған қайта даярлау курстарының тыңдаушылары арасында «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру – мемлекеттік органдардың табысты қызметінің кепілі» тақырыбында өткізілген конкурс қорытындылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы көрсетілетін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар, мобильді топтардың Ақтоғай ауданының елді мекендерінде альтернативті түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі «пилоттық» жобасының қорытындылары, Павлодар облысында «Қолжетімді әкімдік» жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар және басқа да мәселелер тыңдалды және талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша талқыланған мәселелер жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы